VLAEKAN компаниясы 1992 жылдан бері жұмыс істейді.
Негізін қалаушы және бас директоры - Баланчаева Надежда, компанияның іргелі құндылықтарын оның өмір сүруінің басынан бастап қалаған.
Біз іскерлік əлемнің негізін дəл сондай мықты, бір-бірімен тату жəне тек қана өнімдерімен емес, жақсы дəстүрлерімен де даңқты компаниялар құрайтынына шын жүректен сенеміз.
Сондықтан, біз серіктестерге отбасылық компания бере алатын ең жақсы мүмкіндіктерді ұсынуға дайынбыз. Бұл іскерлікке деген құрмет, жекелеген көзқарас, қамқорлық, жомарттық пен серіктестіктің шын мəніндегі берік қалыптасқан дəстүрлері.
Біз, көптеген адамдардың өздеріне күтім жасаудағы ең таңдаулы шешімдерге қол жеткізе алуға мүмкіндік беретін, сұлулық пен денсаулық саласындағы кəсіпкерлер мен сарапшылардың бірлескен BEAUTY – қауымдастығын құрудамыз.
Денсаулық пен сұлулықтың ең тиімді шешімдерін іздеп табуда біз тəжірибеміз бен сарапшылығымызға арқа сүйейміз. Біз серіктестерімізге заманауи косметика өнімдерінің мүмкіндіктері жайында пікірлерді өзгертетін брендтерді ұсынғанды ұнатамыз.
Зерттеу саласындағы мол тəжірибе, инновациялар мен ғылым саласындағы үздіксіз даму – біздің өндірушілерді таңдаудағы алға тартатын факторлар болып табылады. Олардың əрқайсысы нарықта теңдесі жоқ бірегей əзірлемелерге ие.
Шындық пен пайданың ішінде, біз əрдайым біріншісін таңдаймыз. Серіктестермен, тұтынушылармен жəне біз Қазақстанда өкілдік ететін брендтердің өнімдерін пайдаланатын əрбір адаммен шынайы болу – біздің əрбір қызметкеріміз ұстануға тиіс ереже.
Біз бағалайтын маңызды құндылық. Ұжым – жоғары кəсібилік пен ең жақсы адамдық қасиеттердің тұтастығы.
Біз жұмыс жасауға, шығармашылық пен əлеуетті ашуға барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Компаниямыз сапалы ахуал өмірде маңызды орын алады деп санайтын адамдарды біріктіреді.
Біз өмір сүріп, еңбек етіп жатқан елдің əлемдегі ең гүлденген жер мəртебесіне қол жеткізуін қалаймыз. Сол мақсатқа жету жолында қайырымдылық жасау арқылы өз үлесімізді қоса алу мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін өте қуаныштымыз.
Компания жəне Отбасы ретіндегі беделіміздің негізі – сенім
Біз ұжымымыздың әрбір мүшесіне шығармашылық әлеуетті ашу, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас
орнату және алға қойған мақсаттарға жету жолында жоғары ынталы жайлы атмосфера құруға тырысамыз.
Біз тұтынушылармен табысты жұмыс істеу үшін брендтен серіктестеріміздің қызметкерлеріне
қажетті білімді тұрақты негізде беру үшін оқытудың әртүрлі үлгілерін дамытамыз.
Біз барлық тапсырыстардың қажетті мекенжай бойынша уақытылы және сапалы түрде мінсіз
жеткізілуін қамтамасыз етеміз.
Біз серіктестерімізбен үнемі байланыстамыз және ынтымақтастығымызды дамытуға
және тамаша нәтижелерге қол жеткізуге бар күшімізді саламыз.
Біз әртүрлі байланыс құралдарын әдемі, талғампаз және мерекелік нәрсеге түрлендіреміз, бұл өз кезегінде тұтынушыларымыздың назарын өзіне күмәнсіз аудартады.
PR іс-шараларын ұйымдастыру, пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл және серіктестер үшін маркетингтік қолдау біздің басты бағытымыз болып табылады.