Біз, Қазақстандағы жəне одан тыс жерлердегі серіктестерімізге көрсетілетін іскерлік қарым-қатынас құрудағы кешенді тəсілдер мен жан-жақты маркетингтік қолдау арқылы табысқа жетуге ұмтыламыз.
Біз тікелей өндірушілерден өзекті материалдарға тұрақты қолжетімділікпен барлық брендтерге толық ақпараттық жəне жарнамалық қолдау көрсетеміз.
Сондай-ақ біз бренд туралы хабардарлықты арттыру үшін пікір көшбасшыларымен бірлесіп, influencer-marketing-ті белсенді дамытудамыз.
Біз серіктестеріміз үшін ыңғайлы жəне түсінікті VLAEKAN SPRINT сайыстық марапаттау бағдарламасын əзірледік. Бағдарлама жалпы даму, өсу жəне қосымша маркетингтік қолдау мақсатында жасалған.
Əрбір серіктес төрт санат бойынша қатысып, ынтызарлық таныта алады: сату, оқыту, байланыс жəне жылжыту.
Бағдарлама қатысушылары жыл бойы эксклюзивті саяхат пен басқа да тартымды сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие.
Əрбір VLAEKAN іс-шарасы жуықтасу мен қарым-қатынасқа бағытталған. Өйткені, біздің миссиямыз – сұлулық пен денсаулық саласындағы кəсіпкерлер мен сарапшылар аясында beauty – community құру.
Осы қарым-қатынасты бұдан да сапалырақ жəне қызықты ету үшін, біз пішіміне жəне əр кезеңдегі ұйымдастырылуына зор мəн береміз.
Біздің серіктестер тұрақты түрде Еуропадан шақырылған сарапшылармен өткізілетін тренингтер мен семинарларға қатысып, алғашқы көздерден сапалы білім алады. Немесе жаңа өнімдердің тұсаукесерінде, жағымды атмосферада əріптестермен кəсіби тəжірибе алмастырады. VLAEKAN қауымдастығы көптеген адамдарға өзін-өзі күту үшін ең жақсы шешімдерді ұсынатын 150-ден астам серіктестерді біріктіреді. Осы қауымдастықтың сапалы дамуы мен өсуі – біз үшін басым.
Біз маңызды іс-шаралар кезінде серіктесімізге маркетингтік қолдау көрсетудің маңыздылығын толық түсінеміз. Бізге де бұл серіктесімізге сияқты маңызды да тебірентерлік. Түрлі форматтағы іс-шараларға тікелей қатыса отырып, біз барынша қолдау көрсету арқылы ортақ жетістікке шын жүректен ұмтыламыз.
Біз тұтынушылардың мерекенің жағымды атмосферасына кенелу, қызықты эксклюзивті ұсыныстарды қолдану, сыйлықтар мен біздің команданың beauty-сарапшыларынан кеңес алулары үшін əрекет етеміз.
Біз тұтынушылармен қарым-қатынаста жекелеген көзқарасқа бағытталамыз жəне промо материалдар түрінде тұрақты қолдау көрсетеміз, сонымен қатар тері талдауына инновациялық шешімдер мүмкіндігін береміз.
Кеңес беру сапасын арттыру мақсатында біз VLAEKAN тренерлері қатысуымен өтетін on site сессияларын ұсынамыз.
Сондай-ақ біз тұрақты негізде сату көрсеткіштерін жақсарту бойынша ішкі талдау жүргіземіз.