Cantabria Labs

фармацевтикалық және косметикалық өнімдердің халықаралық өндірушісі
бренд туралы

Біз, инновациялармен және сіз бен біз үшін ең жақсы әрі салауатты болашақты қалыптастырумен жігерленген, шабыттанған кәсіпкерлерміз.

Біз өмірді тойлаймыз.

Кәсіпкерлік пен инновациялық рухы бар Cantabria Labs бүгінде Еуропадағы (Испания, Италия және Португалияда көшбасшы) дерматология және космецевтиканың үлгілі бренді болып табылады және адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту жолында қызмет етеді.

Бренд 80-нен астам елде ұсынылып, ұзақ уақыт бойы халықаралық мойындау мен қолдауға ие.

Cantabria Labs өндірістік орталықтары жыл сайын 30 миллионнан астам бірлік өнім шығарып, тасымалдай отырып, сапа үлгісінің ең жоғарғы дәрежесін сақтауда.

Көп жылдық ғылыми тәжірибе және соңғы прогрессивті технологияларды әзірлеу Cantabria Labs компаниясына емдік косметология саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Әзірлеу жұмыстары эксклюзивті патенттелген Fernblock®, SCA®, IFC® CAF, Edafence®, RetinSphere®, AM3® кешендеріне негізделген.

  • HELIOCARE
  • NEORETIN
  • BIRETIX
  • ENDOCARE
  • IRALTONE
80+ елдер
бүкіл әлем бойынша дистрибьюторлар
30 млн
жылдық өнім бірліг
12%
айналымы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-әзірлеу жұмыстарына тартылады
негізгі
артықшылықтар
Зерттеу және әзірлеу

Жаңа құрамдарды, жеткізу жүйелерін және өнімдерін барлау — Cantabria Labs стратегиялық дамуының негізі болып табылады

Cantabria Labs айналымының 12% зерттеу мен әзірлеу мақсатында қайта тартылады:

  • жеке ғылыми-тәжірибе зертханалары
  • жетекші халықаралық медициналық институттарымен серіктестік
  • жетекші жеке медициналық және биотехнологиялық компаниялармен келісім

Барлық өнімдер мен олардың құрамдары халықаралық медициналық журналдарда жарияланған in vitro және in vivo клиникалық зерттеулерінде мұқият тексерістен өтті.

Эксклюзивті патенттелген кешендер

Fernblock® — теріні күннің зиянды әсерінен қорғайтын Polypodium leucotomos қырыққұлақ (папоротник) сығындысынан алынған патенттелген табиғи емдік өнім. Бұл технологияны Cantabria Labs 20 жыл бұрын Гарвард университетіндегі дерматологтардың зерттеулерінен кейін патенттеп, осы үлгіленген сығынды арқылы бүкіл әлемде алғаш эндогендік фотоқорғауды бастаған болатын

Edafence® — Deschampsia antarctica өсімдігінің сығындысы, қоршаған ортаның ластануынан туындаған сыртқы салдардан, сондай-ақ ішкі ықпалдардан туындаған қартаюмен күресуге көмектесетін қасиеттерге ие.

SCA® Growth Factor Technology — тері күтімі мен қайта жандануына арналған Cryptomphalus aspersa ұлуларының секрециясына негізделген эксклюзивті патенттелген технология.

IFC® CAF— – дің жасушалары мен өсу факторларының концентрацияланған мөлшерлемесі күйіндегі, Cryptomphalus aspersa ұлуларының жұмыртқаларынан бөлінген, белсенді құрамды қоспа. Оның негізгі әрекеті дің жасушаларының бөлінуіндегі тепе-теңдікті қалпына келтіруге және жаңа жасушалардың пайда болуына ықпал етуге бағытталған.

RetinSphere® Technology — біріктірілген екі ретиноид эпидермистің жаңаруын ынталандырады және белсенді заттардың енуін күшейту арқылы теріні тегістейді және өңді біркелкі етеді.

AM3® Technology — табиғи қорғаныс механизмдерін күшейту, салдарын жеңілдету, тезірек сауығуға ықпал ету және тері инфекцияларының қайта туындауын азайту үшін иммундық модулятор ретінде әрекет ететін, глюкоманнан мен соя протеинінің үйлестірілуіне негізделген патенттелген технология.

Экологиялық тұрақты өндіріс

Cantabria Labs компаниясы адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту жолында қызмет етумен қатар, әлемдегі ахуалды да жақсартуға ұмтылады. La Concha жаңа орталығының арқасында (2019 жылы ашылған) экологиялық тұрақтылықтың символы ретінде, зауыттар мен кеңселердегі және өнімді әзірлеудегі орындалу тәртібін жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс атқарылады және Cantabria Labs мұнымен тоқтап қалмайды.

Cantabria Labs өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын электр энергиясының 93% жаңартылатын көздерден алынады.

La Concha зауытының айналасындағы 38 000 м2 жасыл кеңістік жылына 100 тонна CO2 шығарындыларын өтейді.

мұра және тарих

Cantabria Labs тарихы - осы халықаралық фармацевтикалық компанияны құрайтын, бірлік пен жақындық рухын сақтаушы адамдар мен отбасының күш-жігері, адалдығы және іскерлігі арқылы орындалған арманның тарихы.

Компания дерматологиядағы алғашқы қадамдарын 1989 жылы Мадридтегі (Испания) штаб-пәтерімен бастады. Ал 1995 жылы Cantabria Labs Гарвард университетімен бірлесіп жүргізген зерттеулерден кейін бүкіл әлем бойынша эндогендік фотоқорғау саласын алғашқы болып ашқан компания атанды.

Бүгінгі таңда бренд Сантандердегі (Испания) өзінің Cantabria Labs зертханасында жасалатын инновациялық және ғылыми зерттеулерінің арқасында денсаулық сақтау саласында танымалдылыққа ие.

Сотрудничество с Vlaekan