01 Кешенді маркетингтік қолдау

Біз, Қазақстандағы жəне одан тыс жерлердегі серіктестерімізге көрсетілетін іскерлік қарым-қатынас құрудағы кешенді тəсілдер мен жан-жақты маркетингтік қолдау арқылы табысқа жетуге ұмтыламыз.

Біз тікелей өндірушілерден өзекті материалдарға тұрақты қолжетімділікпен барлық брендтерге толық ақпараттық жəне жарнамалық қолдау көрсетеміз.

Сондай-ақ біз бренд туралы хабардарлықты арттыру үшін пікір көшбасшыларымен бірлесіп, influencer-marketing-ті белсенді дамытудамыз.

Кешенді маркетингтік қолдау
Кешенді маркетингтік қолдау
Кешенді маркетингтік қолдау
Кешенді маркетингтік қолдау
Кешенді маркетингтік қолдау
Кешенді маркетингтік қолдау
02 Бiлiм беру

VLAEKAN портфолиосындағы брендтермен жұмыс істейтін кеңесшілер мен косметологтардың өнімдерді, олардың құрамы мен əсері туралы жан-жақты түсінігі болуы өте маңызды. Бұл саладағы құзыреттілік деңгейі брендпен жұмыс істеудегі сенімділікке ғана емес, сонымен қатар кеңес берудің сапасына да тікелей əсер етеді. Сондықтан VLAEKAN жаттықтырушыларының құрамы тəжірибелі, дағдылы косметологтар мен жоғары медициналық білімі бар дерматокосметологтардан тұрады.

Оқу бағдарламалары туралы көбірек біліңіз
03 Қызметкерлеріңізге арналған ынталандыру жүйесі

Біз серіктестеріміз үшін ыңғайлы жəне түсінікті VLAEKAN SPRINT сайыстық марапаттау бағдарламасын əзірледік. Бағдарлама жалпы даму, өсу жəне қосымша маркетингтік қолдау мақсатында жасалған.

Əрбір серіктес төрт санат бойынша қатысып, ынтызарлық таныта алады: сату, оқыту, байланыс жəне жылжыту.

Бағдарлама қатысушылары жыл бойы эксклюзивті саяхат пен басқа да тартымды сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие.

Қызметкерлеріңізге арналған ынталандыру жүйесі
Жыл сайын өтетін TRAVEL бағдарламасы
Жыл сайын өтетін TRAVEL бағдарламасы
Жыл сайын өтетін TRAVEL бағдарламасы
04 Жыл сайын өтетін TRAVEL бағдарламасы

Біздің өзгелерден ерекшелігіміз.

Біз beauty-community-ді дамыту жəне шабыттандыру үшін бар күшімізді салудамыз. TRAVEL бағдарламасы аясында біз тұрақты түрде бірлесіп сапар шегеміз, онда біз керемет атмосферада уақыт өткізіп, бақытты сəттермен бөлісеміз жəне жағымды эмоциялармен қуаттанамыз.

Біз барған елдердің ішінде Швейцария, Италия, Голландия, Германия, Австрия жəне Мальдив аралдары бар. Жыл сайын біз өзіміз жəне VLAEKAN серіктестері үшін кем дегенде бір жаңа елді ашуға тырысамыз. Біздің мақсатымыз - шекараларды толығымен өшіріп, əлемдегі ең əдемі жəне барлық экзотикалық елдерге бару. 2022 жылғы сапарларымыздың қалай өткенін осы жерден қараңыз.

Біздің саяхаттарымыз
05 Сапалы байланыс

Əрбір VLAEKAN іс-шарасы жуықтасу мен қарым-қатынасқа бағытталған. Өйткені, біздің миссиямыз – сұлулық пен денсаулық саласындағы кəсіпкерлер мен сарапшылар аясында beauty – community құру.

Осы қарым-қатынасты бұдан да сапалырақ жəне қызықты ету үшін, біз пішіміне жəне əр кезеңдегі ұйымдастырылуына зор мəн береміз.

Біздің серіктестер тұрақты түрде Еуропадан шақырылған сарапшылармен өткізілетін тренингтер мен семинарларға қатысып, алғашқы көздерден сапалы білім алады. Немесе жаңа өнімдердің тұсаукесерінде, жағымды атмосферада əріптестермен кəсіби тəжірибе алмастырады. VLAEKAN қауымдастығы көптеген адамдарға өзін-өзі күту үшін ең жақсы шешімдерді ұсынатын 150-ден астам серіктестерді біріктіреді. Осы қауымдастықтың сапалы дамуы мен өсуі – біз үшін басым.

Сапалы байланыс
Жергілікті іс-шараларда қолдау
жəне PR

Біз маңызды іс-шаралар кезінде серіктесімізге маркетингтік қолдау көрсетудің маңыздылығын толық түсінеміз. Бізге де бұл серіктесімізге сияқты маңызды да тебірентерлік. Түрлі форматтағы іс-шараларға тікелей қатыса отырып, біз барынша қолдау көрсету арқылы ортақ жетістікке шын жүректен ұмтыламыз.

Біз тұтынушылардың мерекенің жағымды атмосферасына кенелу, қызықты эксклюзивті ұсыныстарды қолдану, сыйлықтар мен біздің команданың beauty-сарапшыларынан кеңес алулары үшін əрекет етеміз.

ЕО елдері өндірушілермен жүздесу
ЕО елдері өндірушілермен жүздесу
ЕО елдері өндірушілермен жүздесу
06 ЕО елдері өндірушілермен жүздесу

Қазақстанда сертификатталған тренерлермен оқу мүмкіндігінен басқа, VLAEKAN компаниясы өзінің TOP серіктестеріне еуропалық елдердегі өндірушілерге сапар шегу арқылы өнімдерді əзірлеу мен жасаудың барлық қыр-сырымен танысуды ұсынады.

07 Əрбір тұтынушыға икемді көзқарас

Біз тұтынушылармен қарым-қатынаста жекелеген көзқарасқа бағытталамыз жəне промо материалдар түрінде тұрақты қолдау көрсетеміз, сонымен қатар тері талдауына инновациялық шешімдер мүмкіндігін береміз.

Кеңес беру сапасын арттыру мақсатында біз VLAEKAN тренерлері қатысуымен өтетін on site сессияларын ұсынамыз.

Сондай-ақ біз тұрақты негізде сату көрсеткіштерін жақсарту бойынша ішкі талдау жүргіземіз.

Əрбір тұтынушыға икемді көзқарас
Сотрудничество с Vlaekan
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫМЫ ЗДЫ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ
Біздің BEAUTY - COMMUNITY сұлулық және денсаулық саласындағы кәсіпкерлер мен сарапшыларға қосылыңыз.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫМЫ ЗДЫ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ
Өрістерді толтырыңыз, біз сізге хабарласамыз
Дистрибьюторлар үшін:
Өндірушілер үшін: